Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Әлемнің екінші ракеткасы 1/8 финалда Ресей өкілі Диана Шнайдермен кездесті.
Екі сетке созылған кездесуде Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы Польша өкілі Ига Швентек болмақ.
Еске салсақ, Қазақстан әйелдер құрамасының Азия чемпионатына баратын құрамы белгілі болды.