Қазақстан әйелдер құрамасының Азия чемпионатына баратын құрамы белгілі болды
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабы Азия чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Құрлық біріншілігі 21-30 тамыз аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді.
Қазақстан намысын турнирде мына волейболшылар қорғайды:
- Мадина Бекет
- Маргарита Бельченко
- Кристина Белова
- Юлия Фоменко
- Раяна Дүйсенбаева
- Ирина Кузнецова
- Айгүл Мулькибаева
- Татьяна Никитина
- Перизат Нұрбергенова
- Жанна Сыроешкина
- Полина Уфимцева
- Мария Сырыгина
- Валерия Настенко
- Бота Уатаева
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы жолын В тобында бастайды. Бұл топта ұлттық құрама Таиланд, Индонезия және Аустралия құрамаларымен кездеседі.
Еске салсақ, Мажарстандағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар дзюдошылар анықталды.