Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Мажарстанның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Ерлер
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұрәділ Әлжан
66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов
100 келіге дейін: Асқар Біржанов
100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер
48 келіге дейін: Диана Бүркеева
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Айта кетейік, халықаралық турнир 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Бұған дейін грек-рим күресінен Қазыбек Қалмағамбетов әлем чемпионатында топ жарғанын жаздық.