Астана спортшылары сурдоспорттан IV Спартакиадада үздік нәтиже көрсетуде
Орал қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын республикалық додаға еліміздің 19 өңірінен 1500-ден астам спортшы қатысып, спорттың 10 түрінен 274 медаль жиынтығын сарапқа салынды. Бұл сында елордалық спортшылар биіктен көрінді,
«Орал қаласындағы спорттық бағдарлама 17-25 тамыз аралығын қамтиды. Мұнда Астана қаласының спортшылары дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, шахмат, бадминтон және футболдан елорда намысын қорғайды», - делінген хабарламада.
Бүгінде дзюдо мен таеквондодан елорда спортшылары өз нәтижелерін көрсетіп үлгерді. Дзюдодан Астана құрамасы 3 алтын және 1 қола медаль иеленсе, таеквондодан 2 алтын, 2 күміс және 6 қола медальға қол жеткізді. Нәтижесінде таеквондодан елорда құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, сурдо шахматтан аралас рапид дисциплинасында Астана қаласының командасы командалық есепте екінші орын алды.
Қазіргі таңда Орал қаласында үстел теннисі, шахмат, бадмингтон және футбол спорттарынан тартысты бәсекелер жалғасып жатыр.
Қазақстан Республикасы IV Спартакиадасының ашылу салтанаты 17 тамызда Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Спорттық доданың жабылу салтанаты 25 тамызда Орал қаласында өтеді.
Еске салсақ, Қазақстан әйелдер құрамасының Азия чемпионатына баратын құрамы белгілі болды.