Референдум-2026

7-8 қыркүйекте Астанада ғарыш саласына қатысты форум өтеді

7-8 қыркүйекте Астанада ғарыш саласына қатысты форум өтеді
Фото: spacedays.kz

7-9 қыркүйек аралығында Қазақстанда халықаралық SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 форумы өтеді. Ірі халықаралық алаң ғарыш саласының өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, бизнес, ғылым және технологиялық қауымдастықты біріктіріп, ғарыш саласының өзекті мәселелерін, жаңа технологиялар мен халықаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Форумның негізгі іс-шаралары 7-8 қыркүйек күндері Астана қаласындағы Nazarbayev University-інде өтеді. Бағдарлама аясында жетекші сарапшылардың қатысуымен панельдік сессиялар мен пікірталастар, практикалық воркшоптар, ғарышкерлермен кездесу, жаңа ғарыш технологиясы мен шешімі таныстырылымы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар ғарыш саласындағы негізгі трендтер, даму перспективалары, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жаңа серіктестіктерді дамыту мәселелері талқыланады.

Форумның қорытынды күні, 9 қыркүйекте Байқоңырда өтеді. Қалаған қатысушылар үшін Астанадан Байқоңырға ұшып барып, зымыран ұшырылымын тамашалауға қосымша мүмкіндік қарастырылған (қосымша ақылы коммерциялық қызмет ретінде ұсынылады).

Еске сала кетсек, Байқоңыр қаласында құны 161 млн теңгені құрайтын мүлік мемлекетке қайтарылды.