Header Banner

Премьер-министр Aitu ұлттық цифрлық экожүйесінің дамуын жеделдетуді тапсырды

Бүгін, 11:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Премьер-министр Aitu ұлттық цифрлық экожүйесінің дамуын жеделдетуді тапсырды
Фото: gov.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Aitu ұлттық мессенджерін дамытуға, оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және платформаны мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысына енгізуге ерекше назар аударды баса назар аударды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Олжас Бектенов бұл жұмысты жандандыру және толыққанды цифрлық модельге көшуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Aitu - жай мессенджер емес. Біз ұлттық экожүйе құруымыз керек, белсендірек жұмыс жасаңыздар. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер күн сайын Aitu мессенджерін пайдалануы тиіс, қызметтік ақпарат тек осы ұлттық мессенджер арқылы өтуі тиіс», - деп атап өтті Үкімет жетекшісі.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазір Aitu -ға 7 миллионға жуық адам тіркелгенін, күніне сервисті 350 мыңға дейін адам пайдаланатынын, Aitu-ды қолданғанда мобильді интернет үшін ақы алынбайтынын баяндады.

Сонымен қатар қазір Aitu платформасында eGov ChatGPT қызметі қолжетімді. Сол арқылы 55 мемлекетік қызметті тікелей Aitu-дан алуға болады. Осы жылдың соңына дейін eGov-тағы сұраныстың 75-80%-ын Aitu-ға қосу жоспарланып отыр.

Жаслан Мәжиевтің айтуынша, мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» компаниялары өз қызметінде Aitu-Workspeas қызметін пайдалануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов байланыс желілерінің қорғалуына баса назар аударды.