Қарағанды облысының бокс федерациясы әлем чемпионы Аида Әбікееваға қымбат көлік сыйлады

15 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views1052
Қарағанды облысының бокс федерациясы әлем чемпионы Аида Әбікееваға қымбат көлік сыйлады
фото: instagram.com/abikeevaaida

Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Халиков Камалутин Магомедұлы әлем чемпионы Аида Әбікееваға жаңа автокөлік табыстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы федерация желідегі парақшасында жариялады. 

«Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!»,- деп жазылған хабарламада.

фото: instagram.com/abikeevaaida

Әлем чемпионы Аида Әбікеева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бокс федерациясына алғысын білдірді. 

«Қарағанды бокс федерациясына үлкен қолдау көрсеткені үшін және осындай сыйлық үшін шын жүректен алғысымды білдіремін»,- деп жазды ол.