Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида Қазақстанға келмейтін болды
18 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония» саммиті өтеді. Жиынға Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида қатысады деп жоспарланған, деп хабарлады Elorda.info.
Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,2-ге жеткен. Жапон метеорология агенттігі тағы қатты жер сілкінуі мүмкін деп ескертті.
Осыған байланысты Жапония Премьер-министрі Астанадағы іс-шараларға қатысудан бас тартуға шешім қабылдады. Бұл туралы The Japan Times басылымы мәлім етті.
Айта кетейік, зілзала кезінде елде бірнеше адам ауыр жарақат алған, сондай-ақ ғимараттарға зақым келген. Ішкі рейстер, теміржол, көлік қатынасына шектеу қойылған. Билік апатқа қарсы күресті күшейтуге тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
11 қыркүйек, 2026
Қазақстан Қытайдағы халықаралық көрмеде тау-кен әлеуетін таныстырды
11 қыркүйек, 2026
Түркі елдерінің прокуратуралары цифрлық ортадағы есірткі бизнесіне қарсы күресте күш біріктірмек
11 қыркүйек, 2026
Мемлекет басшысы Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты
11 қыркүйек, 2026
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті