00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

8 қаңтар, 2025
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Омаров ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді. Сондай-ақ төраға негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтады;

2025 жылға арналған жоспарды таныстырды:
     – монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдаудың тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді;

Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.