«Запастамын»: Вице-министр Евгений Кочетов Отан алдындағы борышы туралы сұраққа жауап берді
18 наурыз, 2025
фото: gov.kz
Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов тілшілердің Жеңіс күнін тойлауға қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Евгений Кочетов тілшінің «Жеңіс күніне орай шеру неге 7 мамыр күні өтеді?» деген сұрағына жауап берді.
«Жеңіс күніне орай шеру 7 мамыр күні өтетіні баршаға түсінікті деп ойлаймын. Себебі бұл күні Отан қорғаушылар күнін атап өтеміз»,- деп жауап берді Е.Кочетов.
Сонымен қатар вице-министр тілшінің «Cіз Отан алдындағы борышыңызды өтедіңіз бе?» деген сұрағына былай деп жауап берді.
«Мен әскери борышымды өтеген жоқпын, запастамын»,- деді Евгений Кочетов.
Ұқсас жаңалықтар
3 қаңтар, 2026
Гвардейск гарнизонында 600-ден астам сарбаз ант берді
3 қаңтар, 2026
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал қайта жаңартылып жатыр
2 қаңтар, 2026
Енді Астана – Павлодар арасында рейстік автобус жүреді
2 қаңтар, 2026
2,1 млн гектар пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды