Астана күніне орай 6 шілдеде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
«4 шілде күні азаматтарды қабылдау тек кезекші орталықтарда жүргізіледі. Кезекші ХҚКО-лар 09:00-ден 13:00-ге дейін, кезекші МХҚКО-лар 09:00-ден 12:00-ге дейін өтініштерді қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүзеге асады», - делінген хабарламада.
Ал 7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.