Референдум-2026

«Ақ жол» партиясының сайлауалды съезі 5 шілдеде Астанада өтеді

«Ақ жол» партиясының сайлауалды съезі 5 шілдеде Астанада өтеді
Фото: akzhol.kz

Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезі өтеді. Бұл туралы Elordainfo.kz партияның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мәліметке сәйкес, съезге өңірлік партия конференцияларында өкілдік ету нормаларына сай сайланған 200-ден астам делегат қатысады. 

Жиын барысында делегаттар партияның Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуы туралы мәселені қарап, саяси бағдарламасын бекітеді. Сонымен қатар Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі мақұлданып, бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Сайлауалды съезі 5 шілде күні сағат 10:00-де Астана қаласындағы Хусейн бен Талал көшесі, 25 мекенжайында орналасқан Wyndham Garden Astana қонақүйінің Garden Hall залында өтеді.