Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 3-4 шілде күндері Сығанақ көшесінде Мәңгілік Ел көлік айрығынан Ақмешіт көшесіне дейінгі аралықта асфальтбетон жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысы барысында көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.