Жыл басынан бері 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды - ҚТЖ
Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылар ағыны дәстүрлі түрде еліміздің ірі қалаларына тиесілі болды. Жолаушыларды жөнелту көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастады. Жыл басынан бері бұл қаладан 993 мың жолаушы жолға шыққан. Екінші орында Астана қаласы – 855 мың жолаушы, ал Шымкент қаласынан 393 мың жолаушы тасымалданды.
Өңірлер бойынша да жолаушылар ағыны жоғары деңгейде сақталуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының станцияларынан 615 мың, Абай облысынан 413 мың, Қарағанды облысынан 390 мың, Қызылорда облысынан 366 мың және Жамбыл облысынан 286 мың жолаушы пойыз қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіштер теміржол көлігіне деген сұраныстың республиканың барлық өңірлерінде тұрақты екенін айғақтайды.