Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электрокөлік тіркелген, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Соңғы 12 айда олардың саны 55,6% артып отыр. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электрокөлік есепте тұрған болатын.
Ең көп электрокөліктер Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электрокөліктердің 62% тиесілі, яғни 15 280 құрайды. Көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Астана қаласы (2 885 бірлік) мен Алматы облысы (1 589 бірлік) кіреді. Ал ең төменгі көрсеткіш Абай облысында – 78 бірлік және Ұлытау облысында – 41 бірлік тіркелген.
Еске салсақ, елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады.