Ербаян Мұхтар Түркияға аман-есен жетті
28 қыркүйек, 2024
фото: instagram.com/inga_imanbay
Бұл туралы отбасының құқық қорғаушысы Инга Иманбай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ербаян Стамбулға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына орналасты. Ата-анасы қасында. Ұзақ жолды жақсы көтерді. Денсаулығы жақсы. Таңнан тілеуін тілеп отырған көпшілікке алғыс айтамыз,- деп жазды Инга Иманбай.
Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық гвардиясында қызмет еткен Ербаян Мұхтар комаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген.
Ұқсас жаңалықтар
9 қыркүйек, 2026
ЭЫДҰ: Қазақстанның ресми статистикасы озық халықаралық тәжірибеге толықтай дерлік сәйкес келеді
9 қыркүйек, 2026
870 мыңға жуық заң бұзушылық: «ҚазАвтоЖол» артық жүк мәселесінің ауқымын жариялады
9 қыркүйек, 2026
Астанада құтқарушыларға жаңартылған қызметтік пәтерлердің кілттері берілді
8 қыркүйек, 2026
Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады