Елордалық полицейлер сауда орталығынан ұрлық жасаған жасөспірімді ұстады
11 қазан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталығында ұрлық жасады деген күдікпен 16 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Белгілі болғандай, жас жігіт дүкенге сатып алушы ретінде кірген. Ол ұнатқан спорттық костюмді киім ауыстыратын бөлмеге алып барып, ұрлыққа қарсы магнитті шешіп тастаған. Кейін ұрланған киімді күртесінің астына тығып, байқатпай дүкеннен шығып кеткен. Осылайша дүкенге материалдық шығын келтірілді, - делінген хабарламада.
Қылмыс камералар арқылы ашылды. Заң бұзушы өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Ұсталған жасөспірім ата-анасының қолына тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
3 қаңтар, 2026
Гвардейск гарнизонында 600-ден астам сарбаз ант берді
3 қаңтар, 2026
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал қайта жаңартылып жатыр
2 қаңтар, 2026
Енді Астана – Павлодар арасында рейстік автобус жүреді
2 қаңтар, 2026
2,1 млн гектар пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды