00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді

Биыл заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді
Фото: ІІМ сайтынан

2024 жылы заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді,  деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Оның ішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар. Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр. Ираннан героиннің ірі партиясын әкелудің жолы кесілді, оны қылмыстық топ тұрмыстық тауарлар ретінде жасыруға тырысқан болатын», - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет есірткінің заңсыз айналымын тоқтату жұмысын жалғастырып, бақылау шараларын күшейтіп, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты арттыруда.

«Сонымен қатар Еуропа, АҚШ және Таиландтан келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары жолы кесілді. Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ-тан есірткі заттарын пошта арқылы контрабандалық жолмен жеткізетін жүйелі арнаны жойды. Нәтижесінде он күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, 15 кг каннабис сығындысы және 8 кг марихуана тәркіленді. 21 сотталушы түрмеге қамалды, арасында шетел азаматтары да бар», - делінген хабарламада.