00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

БҚО-да шаруа қожалықтары жер телімдерін мақсатсыз пайдаланған

БҚО-да шаруа қожалықтары жер телімдерін мақсатсыз пайдаланған
фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын талдау нәтижелері бойынша шаруа қожалықтарының 90-нан астам жер телімдерін мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәселен, шаруа қожалығы 4 жылдан астам ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге берілген жер телімін игермеген.

Заңнаманы бұзу фактілері және оларды жою бойынша шараларды қабылдау мақсатында прокуратура аудан әкімдігіне тиісті ұсыну енгізді.

«Қадағалау актісіне сәйкес жалпы ауданы 1 388 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 13,9 млн теңгеге 4 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Сол сияқты Жаңақала аудандық прокуратурасының қадағалау актісіне сәйкес жалпы ауданы 8 мың га, кадастрлық құны 22 млн теңгеден асатын, мақсаты бойынша пайдаланылмаған 5 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Қазіргі уақытта пайдаланбаған немесе мақсатсыз пайдаланып жатқан жер телімдерін қайтару жұмыстары жалғасуда», - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Осыған байланысты прокуратура пайдаланылмай жатқан барлық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, өз мақсатына пайдалана алатын азаматтарға беру керектігін еске салады.