00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жалпыұлттық референдумның мәні мен маңызы түсіндірілді

25 қыркүйек, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада жалпыұлттық референдумның мәні мен маңызы түсіндірілді
Фото: Жасанды дереккөз

Астана қаласы әкімдігінің «Astana Online: Азаматтық сектор мен жергілікті атқарушы органдар арасында сенімді диалогты қалыптастыру» жобасы аясында бүгін «АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум – кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың айқын көрінісі» тақырыбында ақпараттық-пікірталас кездесуі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Келелі жиын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басты қағидаларының, оның ішінде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумның маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісі ретіндегі мәнін ашып көрсетуге, Астана қаласы тұрғындарының жаңа қоғамдық-саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шараға қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары мен студенттері, волонтерлер қатысты.

Спикер ретінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Самат Нұртаза, Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, Alem University ректоры Сұлтан Мұқанов, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Есқалиев, ҚР білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері Ришад Михалев, PhD, экономист, халықаралық сарапшы Ерғали Мұқанұлы қатысып, атом энергетикасының артықшылықтары мен қажеттілігіне кеңінен тоқталды.

Модератор – «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, химия ғылымдарының кандидаты Әділхан Төлегенұлы бұл кездесу ел дамуының маңызды мәселелерін бірлесіп талқылап, өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.