00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қарағандыда еліміздің батыр полицейлері марапатталды

14 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Қарағандыда еліміздің батыр полицейлері марапатталды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда ерлігімен көзге түскен полиция қызметкерлері мен ұландық сарбаздар ұлықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыға түрлі жағдайда азаматтарды құтқарып қалған антына адал полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан өкілдері жиналды.

Қазіргі заман қаһармандары батылдық сабағында оқушылармен кездесті. Елімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін жүзден астам «Жас сақшы» кадет сыныбы жұмыс істейді. Аталған кадет сыныптарына қаза болған қызметкерлердің есімі берілген.

Акция Кеншілер мәдениет сарайында өткен салтанатты іс-шарамен аяқталды. Онда еңбегі еленген тәртіп сақшысына марапаттар табысталды.

«Акцияның діттеген мақсаты – полицейлердің батырлығын еске алып қана қоймай, қоғамға қызмет етудің шынайы құндылықтарын насихаттау. Күн сайын 10 мыңнан астам полиция қызметкері қоғам қауіпсіздігі үшін сапқа тұрады. Олар қызмет бабында халықтың қауіпсіздігі жолында өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп қана қоймай, кей кездері жандарын беруге де дайын екенін атап өткен жөн», – деді ҚР ІІМ ақпараттық саясат департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев.

Сахнаға 15 полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан өкілдері шықты. Олар ерлік көрсеткені үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Салтанатты жиында қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары да болды. Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың кіші ұлы Әділжан Байтасов та қатысты. Оларға да естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдарында елімізде қызметтік борышын өтеу кезінде 819 тәртіп сақшысы қаза тапқан.