Юлия Галышева фристайл-могулдан Әлем кубогі кезеңінде қола медаль иеленді
27 қаңтар, 2025
фото: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
13 қыркүйек, 2026
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті болып сайланды
12 қыркүйек, 2026
Ербол Мырзабосынов Азия ойындары алдында ұлттық құрама спортшыларымен кездесті
12 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Қазақстанның жеңіл атлетикадан құрамы жарияланды
11 қыркүйек, 2026
Қазақстандық телеарналар 2026 жылғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді