Марат Омаров УЕФА президентімен кездеседі
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездесуге барады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл маңызды кездесуде қазақстандық футболды дамытуға бағытталған жоспарлар мен жаңа жобалар талқыланады.
«Қазір мен ҚФФ аудиті және федерацияның ішкі жұмыстарымен танысып жатырмын. 10 ақпанда УЕФА президенті А.Чеферин мырзаға өзінің штаб-пәтерінде жеке кездесуге шақырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстандағы футболды дамыту жоспарын және жаңа жобаларды талқылаймыз деп жоспарлап отырмын. Сіздермен кездесу нәтижелерін міндетті түрде бөлісіп отырамын, алдағы жұмыс жоспарымды да ұсынамын. Пресс-конференцияда мен ҚФФ және QFL-дағы құрылымдық реформаларды, Ұлттық құрамалардың басшылығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және әділ төрешілік туралы жаңалықтармен де бөлісемін», - деп жазды Марат Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында.