Бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы финалға өтті

Фото: Оңалхан Өнерхан
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей, ақтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Ұлттық спорт және ат спорты» түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан жарыста ұлттық құрама спортшылары жарыстың екінші күні де қарсыластарынан басым түсті.
Бүгін А тобындағы Швеция және Румыния ұлттық құрамаларының асықшыларымен кездесу өткізіп, екеуін де 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан А тобында бірде-бір жеңіліссіз топтық кезеңді 12 ұпаймен аяқтады.
Финалдық ойында асықшыларымыз Ресей спортшыларына қарсы өнер көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA деңгейдегі турнирде топ жарды

15 қыркүйек, 2025
«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

15 қыркүйек, 2025
Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ спорт нысаны ашылды

15 қыркүйек, 2025
«Көз тиді ме?»: Темірлан Анарбеков жағын сындырып алды