00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Әлем кубогында жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Әлем кубогында жеңіске жетті
фото: Olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Olympic.kz жазуынша, командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қорғады.

Ширек финалда отандық семсерлесушілер Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда  Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Семсерлесу барысында ұлттық құрама есе жіберіп жатса да, керемет камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жетті. Ал қыздар құрамасы төртінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева өнер көрсетті.