«Модница әже»: Немересімен дүкен аралаған Бүркіттің анасына желідегілер жылы лебізін білдірді


Әнші Бүркіттің қарындасы, актриса әрі тележүргізуші Әсел Асқар әжесін қыдыртуға бір күнін арнап, әлеуметтік желіге жантебірентерлік бейнежазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мені атам мен әжем тәрбиеледі. Той-томалақтар, каникулдарда солардың қасында болдым. Менің тұлға болып қалыптасуыма осы кісілер ықпал етті. Көп адам менің мінезім әжемнен аумайтынын жиі айтады. Расымен, мінезім, өмірге көзқарасым мен қағидаларым әжеме тартқан. Оны қатты жақсы көремін», - деп жазды ол.
Әсел Асқар әжесіне бір күнін арнап, сауда нүктелерін аралап, бірге түстік ішкенде керемет сезімге бөленгенін айтады.
«Бүгін бір күнімді әжеме арнаймын деп шештім. Оны атамнан «қысқы, жайлы етік сатып алуға барамыз» деп сұрап алдым. Бірге сауда орындарын араладық, мейрамханадан түстік ас іштік. Ол, өздеріңіз байқағандай, өте сәнқой. Киім-кешекті кез келген жерден алмайды. Етікті де өзі таңдап алды. Ал үйге киетін гүлді халатын базардағы түрік тауарларын сататын бір нүктеден ғана алады. Өйткені, өзі айтқандай, сол халат қана дене бітіміне құйып қойғандай болып тұрады.
Ол 84 жаста. Өмірді сүйеді. Өзін күтеді. Тіпті дәрігерге бару үшін сырғасын салып, маржанын тағып, ерніне қызыл далап, қабағына қарындаш жағып, басына қалпағын киіп шығады. Оған күніне 10 рет көйлек ауыстыру ештеңе емес. Әжем үнемі «Боянбаған әйел – жуынбаған әйелмен тең» деп айтып отыратын», - деді ол әжесі туралы.
Әсел Асқар отбасылық видеосында оқырмандарына уақыттың қысқалығын, сондықтан қарияларды көзі тірісінде бағалау қажеттігін айтып, әжесіне деген немерелік ізгі ниетін білдірді.
«Сіздің мамаңыз - әжеңіздің көшірмесі. Сіз өз әкеңізге ұқсайсыз. Ал Бүркіт атаңызға ұқсайды. Бәрің әдемісіңдер», «Кино түсірілімнен гөрі отбасылық тақырыптар ұнайды Отбасыңызда кіл ерекше адамдар: талантты, бекзат. Ал үйдегі кішкентай балалар өз алдына бөлек тақырып: тентек емес, ақылды», «Сіздің атаңыз есімде. Бір ауданда тұрдық. Таңертең ертемен дүкенге сүт пен нанға келетін. Әжені көп көрмейтінмін. Ұмытпасам, атаңыз ЖОО-да ұстаз болды», «Әжеңіз - сұлулықтың эталоны», «Әжесі мен немересі туралы өте әсерлі видео. Әжеңіз 100 жасасын!», «Иә, уақыт зымырайды. Ертең осы кісінің орнында өзің жүресің. Сен сияқты ақылды немере бұйырсын!» деп жазды оқырмандар.



