«Қазақтың Қарақаты»: әнші Қарақат Әбілдина «Парасат» орденімен марапатталды

фото: Instagram/karakat_a
Бүгін Президент қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі бірқатар танымал адамдарды «Парасат» орденімен марапаттады. Оның ішінде әнші Қарақат Әбілдина да бар, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сүйіншісімен келген көктемім! Құттықтауларыңызғамың алғыс!»,- деп жазды Қарақат Әбілдина өзінің желідегі парақшасында.
Белгілі әншіні оқырмандары құттықтап жатыр.
«Еңбегіңіз еленіп аман есен жүре беріңіз», «Қуанышың қуанышқа ұласа берсін,еңбегінің жемісін көре бер», «Лайықты марапат», «Қазақ қыздарына үлгі болып жүре бер қазақтың Қарақаты», «Қуанышқа ортақпыз», «Алла абырой берсін»,- деп жазуда желі қолданушылары.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
«Үш жылдың жемісі»: Ерке Есмахан Raim-мен отау құрғандарына үш жыл толғанын айтты

15 қазан, 2025
«Сен кішкентай баланың тірлігін жасадың»: Димаш желіде қазақ тіліне қатысты жазба жариялады

10 қазан, 2025
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді

6 қазан, 2025
«Көңілің кетті ме»: Дариға Бадықованың күйеуі ажырасуы туралы айтты