Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды
![Ернұр Қайнар](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173892696325257296.webp)
Ақтөбе облысында полиция шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп Маржанбұлақ ауылында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту үшін транзитпен жүрген төрт Ауғанстан Республикасының азаматын анықтады. Ақтөбе облысына шетелдіктер айдың басында Алматы қаласынан келіп, жалдамалы пәтерде болғаны анықталды.
Бұған дейін Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен екі шетелдік ел шекарасынан шығуы тиіс болатын, тағы біреуі форумға келіп, елде заңсыз болған, ал төртіншісі Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жатқан.
Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын уақытылы болдырмауға мүмкіндік туды. Әкімшілік материал жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Шетелдіктер қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.
![Қызылордада такси жүргізушісін автокөлік салонының артында отырған жолаушы ұрып-соққан](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17389280682888848.webp)
![«Төрт әйелі бар имамның үйі» деген ақпаратты таратқан адам жазаланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173892474934173423.webp)
!["Құлпынай квик": Мектептерде құрамында есірткі бар кәмпиттер таратылып жатыр ма](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173891030912053602.webp)
![Алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173890349231792802.webp)