Референдум-2026: қазақстандықтардың 51,93 пайызы дауыс берді

Бүгін, 14:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Референдум-2026: қазақстандықтардың 51,93 пайызы дауыс берді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Орталық референдум комиссиясы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың сайлау учаскелеріне келу мәліметін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 % құрады», - делінген хабарламада.

Орталық референдум комиссиясы хабарлайды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

Абай облысы 61,04 %

Ақмола облысы 60,05 %

Ақтөбе облысы 61,37 %

Алматы облысы 56,13 %

Атырау облысы 56,54 %

Батыс Қазақстан облысы 49,97 %

Жамбыл облысы 51,13 %

Жетісу облысы 59,82 %

Қарағанды облысы 57,32 %

Қостанай облысы 56,51 %

Қызылорда облысы 64,63 %

Маңғыстау облысы 53,14 %

Павлодар облысы 53,31 %

Солтүстік Қазақстан облысы 52,37 %

Түркістан облысы 58,03 %

Ұлытау облысы 52,06 %

Шығыс Қазақстан облысы 59,60 %

Астана қаласы 40,68 %

Алматы қаласы 21,68 %

Шымкент қаласы 58,24 %

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады. 

Айта кетейік, дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.00-де беріледі.