19 қыркүйектен бастап қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №20 және 33 бағдарлардың қозғалыс сызбасы Тілендиев даңғылындағы «Медеу көшесі» аялдамасына дейін ұзартылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Бағдарлардың қозғалыс сызбасына «Медеу көшесі», «Қарталы көшесі», «Ақан сері көшесі», «Төлеп» қонақ үйі, «№ 5 қалалық емхана», «№ 58 орта мектеп» аялдамалары қосылады», - делінген City Transportation Systems компаниясының хабарламасында.
Автобустардың нақты орналасуын «Avtobys» қосымшасынан қадағалай аласыздар.


Еске сала кетейік, Астанада Әнет баба көшесіндегі қиылыс екі аптаға жабылады.