Қазақстан құрамасы 6-8 қараша аралығында Италияның Бормио қаласында өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Алдағы жарысқа қатысатын ұлттық құрама сапына он спортшы кірді.
Қыздар: Даяна Айтыбек, Нұрия Алпысбай, Алина Лишенко, Раяна Манарбекова және Меруерт Сансызбаева.
Ұлдар: Әліби Әлімгереев, Жанарыс Мағжан, Максим Саенко, Жандос Серекпаев, Мейіржан Төлеген.
Еске салсақ, хоккейден Азия чемпионатына қатысатын ел құрамасының тізімі анықталды.