Астанада қараша айында Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) маңызды жиындары өтеді. Атап айтқанда, елордада ұйымның Атқарушы комитеті мен Құрылтайшылар кеңесінің (Foundation Board) отырыстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Халықаралық жиындарға допингке қарсы күрес саласының өкілдері, мемлекеттік органдардың, спорт ұйымдары мен ұлттық допингке қарсы құрылымдардың басшылары қатысады. Кездесулер барысында жаһандық допингке қарсы жүйені дамыту, таза спорт қағидаттарын нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.
Күн тәртібінде Дүниежүзілік допингке қарсы кодексті іске асыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, білім беру және ғылыми бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ допингке қарсы күрестің тиімділігін арттыру мәселелері қаралады.
«Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастық кейінгі жылдары жаңа деңгейге көтерілді. 2025 жылғы қазанда агенттік президенті Витольд Банька Қазақстанға тарихи сапар менкеліп, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевпен кездесті. Сапар барысында Витольд Банька Қазақстанда спортты дамытуға қосқан үлесіүшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды», - делінген хабарламада.
Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында биыл 22 наурызда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті Витольд Банька қол қойды. Келісім допингке қарсы білім беруді дамытуға, допинг ережелерін бұзудың алдын алуға, ғылымизерттеулер жүргізуге және халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған.
«Ұлттық допингке қарсы жүйені дамыту – Қазақстанның мемлекеттік спорт саясатыныңмаңызды бағыттарының бірі. Халықаралық кездесулер ұлттық допингке қарсы ұйымдар мен әлемдік спорт құрылымдары арасындағы кәсіби тәжірибе алмасуға, өзара іс-қимылды нығайтуға және бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жиындар Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азия өңірінде допингке қарсы күрес жүйесін жетілдіруге және таза спорт қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, WADA Құрылтайшылар кеңесі – агенттіктің жоғары басқару органы. Оның құрамына олимпиадалық қозғалыс пен мемлекеттік билік органдарының өкілдері кіреді. Кеңес ұйымның стратегиялық даму бағыттарын айқындап, халықаралық допингке қарсы саясатқа қатысты негізгі шешімдерді қабылдайды. Ал Атқарушы комитет агенттіктің қызметіне басшылық жасап, Құрылтайшылар кеңесінің айрықша құзыретіне кірмейтін басқарушылық шешімдерді қабылдайды.