Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.