Берік Беркімбаев БРИКС форумында парламентаралық байланысты кеңейту мәселесін көтерді

Берік Беркімбаев БРИКС форумында парламентаралық байланысты кеңейту мәселесін көтерді
Фото: Құрылтай

Үндістан астанасы Нью-Делиде БРИКС Парламенттік форумының XII отырысы өтті. Парламентаралық ынтымақтастық пен жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған жиынға Құрылтай депутаты Берік Беркімбаев қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның пленарлық отырыстарында қазақстандық депутат парламентаралық диалогты дамыту, заң шығару саласында тәжірибе алмасу және қатысушы елдердің депутаттары арасындағы байланысты нығайту мәселелерін көтерді.

Жиында институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалану, сондай-ақ жаһандық басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Берік Беркімбаевтың айтуынша, БРИКС Парламенттік форумы Қазақстан үшін халықаралық тәжірибені зерделеуге, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Құрылтай сайтында азаматтардан ұсыныс қабылдайтын бөлім ашылғаны хабарланған еді.