Құрылтай сайтында азаматтардан ұсыныс қабылдайтын бөлім ашылды

Құрылтай сайтында азаматтардан ұсыныс қабылдайтын бөлім ашылды
Фото: quryltai.kz

Құрылтайдың ресми сайтында азаматтар мен сала мамандарының ұсыныстарын қабылдауға арналған арнайы бөлім ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа бөлім Құрылтайдың Цифрландыру, инновация және ғылым комитеті жанынан құрылған сегіз сараптамалық кеңеске ұсыныс жолдауға мүмкіндік береді.

Азаматтар мен сарапшылар қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге, тиісті салаларды дамытуға қатысты идеялары мен бастамаларын онлайн түрде ұсына алады.

Құрылтайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бастама қоғам өкілдерімен ашық пікір алмасуға, азаматтар мен мамандардың ұсыныстарын жинақтауға және оларды тиісті мәселелерді қарау барысында ескеруге бағытталған.

Ұсыныстарды Құрылтайдың ресми сайтындағы арнайы бөлім арқылы жолдауға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент жаңа Азаматтық кодекс әзірлеуді ұсынған еді.