Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 5-7 қарашада қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көліктердің жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
Оған қоса, 1 қарашадан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.
Іс-шараларда арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.
Еске сала кетсек, ТЖМ ауа райының суытуына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады.