Синоптиктер: Қараша айы әдеттегіден 1-2 градусқа жылы болуы мүмкін

Синоптиктер: Қараша айы әдеттегіден 1-2 градусқа жылы болуы мүмкін
Фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қараша айы әдеттегіден 1-2 градусқа жылы, елдің солтүстік-батыс бөлігінде климаттық норма шамасында болады. Ел аумағында бір ай ішінде ауа райының құбылмалы сипатта болмақ. Жауын-шашын, кейбір күндері қатты қар аралас жауын-шашын, жел күшейіп жаяу бұрқасын соғады, тұман және көктайғақ болады деп болжанады.

«Қарашаның бірінші аптасында жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы, аздаған бұлтты ауа-райы басым болады. Тек елдің солтүстік-шығысы мен шығысында айдың басында жаңбыр мен қар жауады, түнгі уақытта тұман түсуі ықтимал. Бірінші онкүндіктің ортасында елдің батыс өңірлерінде белсенді циклонның әсерімен Қара теңіз аудандарынан жауын-шашын (жаңбыр, қар) келеді, онкүндіктің соңына қарай республиканың қалған өңірлерінде де жауын-шашынмен қолайсыз және желді ауа райы болжанған, Қазақстанның оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр жаууы ықтимал. Құбылмалы ауа-райы тұман, көктайғақ және екпіні 15-28 м/с дейін күшті желмен бірге жүреді», делінген хабарламада.

Айдың басында ауа температурасының негізгі фоны: елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз +12+22°С; 
солтүстікте, солтүстік-батыста (Қостанай облысы), орталықта және шығыста түнде -1-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқу, күндіз +5+13°С болжанады.

Бірінші онкүндіктің соңында елдің солтүстік жартысында күндіз температура фонының 0,+5°С дейін, оңтүстік жартысында +8+13°С дейін, батыста +2+10°С дейін төмендейді.

Таулы аймақтарда температура түнде -3+2°С-тан-5-10°С-қа дейін ауытқуы мүмкін, күндіз +2+10°С шамасынеда болады.

«Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде жиі ауытқуы бар температуралық фон күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде -1-13°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +1+10°С-тан 0,-5°С-қа дейін, елдің оңтүстік жартысында түнде 0,-5°С-тан +2+10°С-қа, күндіз 0,+5°С-тан +7+15°С-қа дейін болады. Алайда, жекелеген күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасының -10-18°С-қа дейін төмендеуі ықтимал», делінген хабарламада..