Астанада мәслихат депутаттарын сайлау науқаны аясында «Әділет» партиясының өкілдері «ҚазГазАймақ» компаниясының орталық аппаратының қызметкерлерімен жүздесті. Басқосуға 120 адам қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шараға Астана қалалық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар Бекзат Жолжақсынов пен Ботагөз Қасабек, сондай-ақ №11 бірмандатты сайлау округінен кандидат Санира Жусупова қатысты.

Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, елорданы дамытуға бағытталған негізгі басымдықтарға тоқталды. Атап айтқанда, қалалық инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және қаладағы өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Өз кезегінде ұжым қызметкерлері де көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында компанияның орталық аппаратының 120 қызметкері «Әділет» партиясының кандидаттарын қолдайтынын білдірді.
Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.