Президент Жарлығымен жаңа Көлік министрі тағайындалды

Бүгін, 18:17
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент Жарлығымен жаңа Көлік министрі тағайындалды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ал бұған дейін Көлік министрі лауазымын атқарған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымынан босатылды.