Шевченко мен Скатов Дэвис кубогында елімізге екі жеңіс сыйлады

Бүгін, 21:06
Думан Аманжол Думан Аманжол
Шевченко мен Скатов Дэвис кубогында елімізге екі жеңіс сыйлады
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Астанада Дэвис кубогының екінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасындағы кездесу басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Александр Шевченко Қазақстанды есепте алға шығарды. Ол Максимус Джонспен ойнады. Қазақстандық теннисші бірінші партияда басым түсіп, екіншісінде жеңіліп қалғанымен, шешуші сетте жеңіске жетті – 6:4, 1:6, 7:5.

Екінші кездесуде Тимофей Скатов Касидит Самреймен күш сынасты. Қазақстандық теннисші екі сетте де жеңіске жетіп, матчты 6:4, 7:6 (7:4) есебімен аяқтады.

Осылайша, бірінші ойын күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы есепте 2:0 есебімен алда келеді.

19 қыркүйекте кездесу жұптық матчпен жалғасады. Одан кейін тағы екі жекелей ойын өтеді.

Еске салсақ, Жапониядағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан туы көтерілді.