Загребтегі Гран-при кезеңінде ел намысын 19 дзюдошы қорғайды

Бүгін, 16:58
Думан Аманжол Думан Аманжол
Загребтегі Гран-при кезеңінде ел намысын 19 дзюдошы қорғайды
Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде ел намысын 19 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан

66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Абдурахманов

73 келі: Данияр Шамшаев

90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы

Әйелдер:

48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова

57 келі: Дана Әбдірова

63 келі: Эсмигүл Куюлова

70 келі: Ажар Асхат

78 келі: Екатерина Токарева

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енуі мүмкін. Гран-при кезеңі 13-15 қараша аралығында өтеді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды.