ХХ жазғы Азия ойындарының ашылуында Қазақстан құрамасы 15-ші болып шықты

19 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
ХХ жазғы Азия ойындарының ашылуында Қазақстан құрамасы 15-ші болып шықты
Фото: Туризм және спорт министрлігі

XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанатындағы спортшылар шеруінде Қазақстан құрамасы 15-ші болып шықты.

Көк туымызды Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құраманың спортшысы Сарвиноз Миркадирова алып жүрді.