Қазақстанның екі тарихи-мәдени мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тізімге «Есік жазуы: Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдары жинағы» енді.
Тиісті шешім 5 қарашада Индонезияның Джакарта қаласында өткен ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының (MOWCAP) отырысында қабылданды.
Министрліктің мәліметінше, қос мұраның өңірлік тізілімге енгізілуі Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде танытуға және олардың маңызын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық туралы келісім жасасқаны хабарланған еді.