Президент: «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жүйелі саясат жемісін бере бастады

19 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Президент: «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жүйелі саясат жемісін бере бастады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы жүйелі саясат өз жемісін бере бастады. Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар.

Бұл акция немесе науқан өмір бойы жалғаспайды. Әйтсе де онда тұрған дәнеңе жоқ. Керісінше, оның жақсы тұсы көп. Ең бастысы, өркениет талаптарына сай болу үшін сана-сезімде сілкініс болуы қажет.

Бұл – біздің саналы таңдауымыз. Басқаша болуы мүмкін емес», -  Қасым-Жомарт Тоқаев.