Еңбек министрлігі мен мұнай-газ компаниясы жұмыспен қамту мәселесін талқылады

23 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Еңбек министрлігі мен мұнай-газ компаниясы жұмыспен қамту мәселесін талқылады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.

Кездесуде жұмысқа орналастыру саласындағы қазіргі жағдай, оның ішінде ҚМГ қызмет жүргізетін өңірлердегі ахуал қаралды. Ұлттық компания тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды.

Атап айтқанда, еңбек заңнамасын жетілдіру, ҚМГ қолдауымен әзірленген жұмыс іздеушілерді тіркеу және есепке алуға арналған «E-Kezek» цифрлық жүйесін Enbek.kz электрондық еңбек биржасымен интеграциялау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ бизнестің қызметкерлерді іздеу және жұмысқа қабылдау үдерісіне кеңінен қатысуы, мұнай секторынан тыс жұмыспен қамту бағыттарын дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.