Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 10:12
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды
Фото: Арлан Олжабай

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Тоқсанбаева марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен өткен жарыста жеңіске жетті.

Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады.

Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті  түйіндеді.

Бұл медаль Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды.