Жалпыұлттық аза тұту күні

ҰҚШҰ Бас хатшысы әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін, 16:15
Думан Аманжол Думан Аманжол
ҰҚШҰ Бас хатшысы әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты
Фото: ҰҚШҰ ресми сайты

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Таалатбек Масадыков Қазақстан әскери қызметшілерінің қаза болуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚШҰ ресми сайтына сілтеме жасап.

Таалатбек Масадыков көңіл айту хатында әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Қазақстанның әскери қызметшілерінің жақындарына қайғырып көңіл білдірді.

«Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғылы оқиға салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген көңіл айту хатында.

Еске салсақ, Air Astana қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайтынын жаздық.