Жалпыұлттық аза тұту күні

Каспийде құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы белгілі болды

Бүгін, 11:38
Думан Аманжол Думан Аманжол
Каспийде құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы белгілі болды
Фото: freepik.com

Бүгін әлеуметтік желілерде Каспий теңізінен құтқарылған әскери қызметшінің видеосы тарады. Оның денсаулық жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ақтау қаласының қоғам белсендісі әрі блогері Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облыстық ауруханасында түсірілген кадрларды жариялады. 

Видеода Каспийде құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы көрсетілген. 

«2007 жылы туған Ақжол Теміралыев – тірі қалған әскери қызметшілердің арасынан ауруханаға жатқызылған жалғыз сарбаз. Кешеден бері оның денсаулығына қатысты әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат тарады.

Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Ол өздігінен жүріп, тамақтанып, сөйлесе алады. Дәрігерлер қажетті медициналық көмектің барлығын көрсетті. Енді сарбазға оңалып, өз өзіне келуі қажет», - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Еске салсақ, Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылғанын жаздық.