Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында төртінші орын алды

25 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында төртінші орын алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз кермедегі жаттығудың финалында сынға түсті.

Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.

Қытайлық Тянь Хао алтын жүлдегер атанды - 14.700. Жапониялық Синноскэ Ока күміс медальға ие болды - 14.033. Ал Карлос Юло (Филиппин) үздік үштікті түйіндеді - 13.666.

Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулардың финалында күміс жүлде алған еді.

Еске салайық, бұған дейін жеңіл атлет Алина Чистякова жетісайыстан қола медаль жеңіп алды.