Жалпыұлттық аза тұту күні

Жезқазғанда құтқарушылар пәтерде қамалып қалған екі балаға көмектесті

Бүгін, 21:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жезқазғанда құтқарушылар пәтерде қамалып қалған екі балаға көмектесті
Фото: 112 kz/Telegram

Ұлытау облысының «112» пультіне Есенберлин көшесіндегі ішінде екі кішкентай сәби қалған пәтерге кіруге көмек көрсету қажет екені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Құтқарушы альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен төртінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ашты.

Пәтердің ішінде 2023 және 2026 жылы туған балалар болған.

Оқиға салдарынан балалар зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

Еске салайық, бұдан бұрын Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылғаны туралы жаздық.